Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылмақ. Жобаны негізінен Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы Мәдениет және спорт басқармасы және анасы Оксана Тен іске асырмақ. Көзі тірі кезінде «Денис Тен және оның достары» атты мұзды шоуда достарымен бірге қазақтың ұлттық киімімен шығып, өнер көрсеткенін әлі көрермендер ұмыта қойған жоқ. Енді Global Figure Skating академиясы алдағы уақытта балаларды мәнерлеп сырғанауға жаттықтыратын болады. Анасы Оксана Денистің бапкерлерімен келіссөздер жүргізуде. Бұл академия болашақта елімізде мәнерлеп сырғанау спортының қанат жаюына ықпалын тигізетіні анық. Ендеше, жобалаушыларға сәттілік тілейік.
Comments