БілімЖаңалықтар

Күләш Шәмшидинова Азиядағы білім беру жөніндегі Жаһандық комиссияның комиссары атанды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Жаһандық білім беру жөніндегі Комиссиясының Азия хаб комиссары болып тағайындалды. Қазақстанның өкілі алғаш рет Жаһандық білім беру экожүйесінің жетекші көшбасшыларын біріктіретін ЕСА қатарына еніп отыр.

Білім беру жөніндегі комиссия 2015 жылы білім саласындағы ынтымақтастық пен заманның жаңа сын-қатерлеріне төтеп беру мақсатында құрылды. Комиссияның стратегиялық басымдықтары қатарында тұрақты даму саласындағы мыңжылдықтың 4-ші мақсатына жетуді одан әрі ілгерілету, соның ішінде инклюзивті және тең білім беру сапасы мен өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін атап өтуге болады.

2019 жылы комиссия «High Touch High Tech for All» (HTHT) миссиясы аясында оқудағы жаһандық трансформацияны жеделдету үшін Азия хаб (ЕСА) құру туралы шешім қабылдады, штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан. Оңтүстік Корея көптеген елдер үшін білім әлеуетінің экономикалық өсу мен демократияны нығайтуда табысты жұмыс істейтінінің нақты мысалы болып отыр.

Бүгінгі таңда Азия хаб жасанды интеллект негізінде дербестендірілген оқытуды жүзеге асыратын барлық мүдделі құрылымдарды біріктіретін бірегей платформаға айналды. «High Touch High Tech for All» білім берудегі олқылықтар мен теңсіздіктерді жоятын, сондай-ақ инновацияны ілгерілететін басым бағыт ретінде таңдалды. Пандемия салдарынан пайда болған теңсіздік пен оқудағы қиындықтар Азия хаб үшін дағдарысты мүмкіндікке айналдырып, бүгінде жаһан назарын білім беруге аударуға мұрындық болып отыр. Арнайы миссия жобалар жөніндегі кеңесшілерге, «HTHT for all» өкілдері мен жаһандық серіктестердің фасилитаторлары рөліндегі комиссарларға жүктеледі.

– Біз High Touch High Tech for All бағдарламасының мақсаты білім беру экожүйесіндегі көрнекті көшбасшылардың бірлескен күш-жігері арқылы ғана жүзеге асады деп есептейміз. Сіздің қатарға қосылуыңыз ECA-ның жаһандық жолын кеңейтуде, сондай-ақ білім берудегі негізгі және маңызды инновацияларды ілгерілетуде шешуші мәнге ие болады деп сенемін, – деді Азия хаб төрағасы Джу Хо Ли Күләш Шәмшидиноваға жолдаған хатында.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Жаһандық білім беру жөніндегі комиссиясының Азия хаб комиссары міндетіне кірісті.

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП ЕСЕП БЕРДІ  

Алдыңғы

БИЫЛ 32 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *