Жаңалықтар

АҚТАС-1 ТҰРҒЫН АЛАБЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қала әкімі М.Әйтенов Абай ауданы Қазығұрт аумағы тұрғындарымен кездесуде елді мекендерде атқарылатын жұмыс жоспарларға тоқталып өтті.

Бүгінде Абай ауданындағы Ақтас-1 тұрғын алабы ауыз су және электр жарығымен толық қамтамасыз етілген.

Табиғи газбен қамту бойынша «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме құрылысты 2022 жылдың 4 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.

2021 жылы 2,8 шақырымға шағал тас төселді. Биыл екі көшеге – атауы жоқ № 3, 4 көшелерге шағал тас төсеу жоспарда. 2023 жылы 4, 2024 жылы 4 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.

Елді мекенде биыл 1 балалар ойын алаңшасын орнату үшін жер телімі қарастырылуда. Сондай-ақ, базалық станция орнату жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Береке Сейітжаппар

ШЫМКЕНТ: ХІХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 58 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ ДЕП ЖОСПАРЛАНУДА

Алдыңғы

АҚЖАР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *