Жаңалықтар

АЙКӨЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫ АУЫЗ СУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН  

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының Қазығұрт аумағы тұрғындарымен кездесуде елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын баяндап, алдағы жұмыс жоспарларын таныстырды.

Бүгінде Абай ауданындағы Айкөл тұрғын алабы ауыз су және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады.

2023 жылы 1 көше, 2024 жылы 3 көшеге шағал тас төсеу жоспарлануда.

Елді мекенде 2021 жылы 1 балалар ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілген еді. Биыл 1 балалар ойын алаңшасын орнату үшін конкурс жарияланған. Өткен жылы тұрғын алапты сапалы интернетпен қамту үшін базалық станция орнатылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

КАРЛ МАРКС ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ 7 КӨШЕ БИЫЛ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Алдыңғы

АРҒЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫ БИЫЛ АУЫЗ СУМЕН ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *