Қаратау ауданы аумағындағы Достық тұрғын алабы қазіргі таңда ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Жол инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру, қауіпсіздікті нығайту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
Қала әкімі Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуде осы бағыттағы жұмыстардан хабардар етті.
Достық тұрғын алабында биыл 2 көше (Әбдіров, Бекмахан), 2023 жылы 2 көше (Саяжай, Мәдениет) жарықтандырылады. Сонымен қатар, биыл 4 көше (Әбдіров, Саяжай, Омарташы, Ынтымақ), келесі жылы 1 көшеге (Мұзбел) шағал тас төселеді. Өткен жылы 1 спорт алаңшасы пайдалануға берілген еді. Тұрғын алапты оптика желісімен қамтамасыз ету 2024 жылғы жоспарға енгізіліп отыр.
2022 жылы жалпы қала көшелерін жарықтандыру көрсеткішін 57 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Яғни, 102 көше, 2023 жылы 106 көшеге жарықшамдар орнатылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments