Қаратау ауданына қарасты Исфиджаб тұрғын алабында 1356 отбасы қоныстанған. Ондағы 7 мыңға жуық тұрғын 100 пайыз электр жарығымен және көгілдір отынмен қамтылған. Ал ауыз сумен 81 пайызы қамтылып отыр.
Бүгінде елді мекендегі өзекті мәселе асфальт жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу және тас жолға асфальт төсеу. Жалпы көше саны 11 болса, оның 5-і асфальт жол, 6-ы тас жол.
Есепті кездесуде аудан әкімі Р.Мүлкеманов қала басшысына өткен жылы 2 көше, 2022 жылы 1 көше және алдағы жылдары 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Сонымен бірге ол 2021 жылы Әл-Фараби көшесі, биыл Ибрагим ата көшесі жарықтандырылатынын баяндады. Бұдан басқа 2025 жылға дейін тағы 6 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілетінін болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments