Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының шаруалары иелігіндегі жылыжайларда көкөністерден басқа да өнімдерді өндіріп, табысын еселеп келеді. Солардың бірі — Дербісек елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Альфия Аширбаева. Ол өзінің иелігіндегі 35 сотық жылыжайының жартысына әдеміліктің символы, көшені безендіруге арналған гүлдердің 20-ға жуық түрін өсіріп жатыр.
Кәсіпкер еңбегімен еліміздегі қалалардың көшелерін абаттандыруға өзіндік үлесін қосып келеді. Бастапқыда ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 6,0 млн. теңге көлемінде төмен пайызды несие алып, жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда жылыжайдан жылына 300000 – 500000 түп аралығында гүлдердің көшетін өндіріп, Нұр-Сұлтан, Алматы және облыс орталығы Түркістан қалаларына саудалап жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Comments