БілімЖаңалықтарТехнология

Алиса ЖУМАДУЛАЕВА: «Шымкент университетінде жастардың сапалы білім алуына мүмкіндік мол»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындары сапалы мамандар даярлауды қамтамасыз ету керектігін көрсетті. Оның жүзеге асуы үшін жоғары оқу орындарының кәсіпорындармен, бизнеспен, жұмыс берушілердің талаптарымен байланысын күшейту қажет. Жоғары оқу орындары жоғары сапалы мамандар даярлауды, демек, түлектерді табысты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Өткен жылдан бастап университеттерге академиялық, басқарушылық, кадрлық және қаржылық мәселелер бойынша тәуелсіздік берілді деп атап көрсетті. Жоғары білімді дамытудың бұл принципі Шымкент университетінің стратегиялық дамуында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда қолданылады.

Химия және биология кафедрасы келесі мамандықтар мен білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:

6В01504 – «Биология», 6В05101 – «Биология», 6В01503 – «Химия», 7М01502 – «Биология», 7М01503 – «Химия».
Білім беру бағдарламасының атауы 6В01503 — « Химия»

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Дамыған дүниетанымы мен парасаты бар жоғары білікті жеке тұлғаны, химия саласында теориялық және практикалық білімі бар, қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, озық, толерантты маман даярлау.

Кәсіби қызмет саласы

-Білім беру, оқу – тәрбие ,оқу – технологиялық, әлеуметтік – педагогикалық,  экпериментальды – зерттеу,  ұйымдастыру -басқару және т.б.

Кәсіби қызмет нысандары (бітіруші түлектің бағдарлама бойынша жұмысқа орналастыру орны)

— жалпы білім беретін мектептер;

— бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;

-мамандандырылған мектептер;

-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады;

— ғылыми зерттеу орындары;

— шығармашылық ұйымдар;

— мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар.

Кәсіби қызмет  түрлері

— жалпы ұлттық «Мәңгілік ел» идеясы контексті дамуда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу;

— педагогикалық қызметті ұйымдастыру және дамыту;

— кәсіби іс-әрекет аясында ақпараттық технологияларды қолдана білу және заманауи

техника мен жұмыс жасау икем-дағдыларын игеру;

— білім беру мекемелерінде оқу процесін жетілдіру жәнеұйымдастыру міндеттерін орындау;

— алған білімін оқу процесінде дұрыс қолдану;

— химия ғылымдарының негіздері бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізу;

— оқыту мен тәрбиелеудің біртұтас болуын қамтамасыз ету;

— химия ғылымдарын оқыту барысында оқытудың технологиясын және әдістерін жетілдіру;

— педагогика, химия саласындағы өзекті бағыттағы зерттеулерді жасау;

— оқушылардың арасында санитарлық-гигиеналық мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу;

— химияны оқыту әдістемесі және биология аясындағы оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару және зерттеу, сараптама жасау;

— кәсіби және жеке өсу үшін өз бетінше білім алу және өзіндік талдау дағдыларын меңгеру.

Білім беру бағдарламасының атауы 6В05101- «Биология»

1.   Білім беру бағдарламасының мақсаты

1.Ойлау мәдениеті және кең көлемде, жан — жақты көзқарасы дамыған жоғары дәрежедегі білімді тұлғаны қалыптастыру.

2.Қазіргі заманғы еңбек нарығы жағдайында жоғары білікті, толерантты, бәсекеге қабілетті маман дайындау.

3.Биологияның әртүрлі салаларында қазіргі заманғы ақпараттық технологияны игерген және практикалық машықтанудың теориялық білімдердің жиынтығын игерген маман дайындау.

Кәсіби қызмет нысандары (бітіруші түлектің бағдарлама бойынша жұмысқа орналастыру орны)

– мектеп, лицей, гимназия, колледждерде (биология мұғалімі);
– жоғарғы оқу орындарында (лаборант, салалы  кафедраларда);
– білім бөлімдерінде (маман);
– ғылыми зерттеу институты және лабараторияларда (маман, лаборант);
– жануар және өсімдік тектес шикізаттарды өңдейтін өндірістік лабараторияларда, экологиялық салалардағы ұйымдар (маман, лаборант);
– санитарлы-эпидемиологиялық станцияларда (лаборант)
– биологиялық орталықтарда, агробиостанцияларда (әдіскер, үйірме жұмысын басқарушы);
– көгалдандыру бойынша жобалық ұйымдарда (маман).

Кәсіби қызмет  түрлері

1. Оқытушылық, 2. Тәрбиелік,  3.Әдістемелік, 4. Зерттеушілік, 5. Әлеуметтік — коммуникативтік

Кафедра химия бимия білім беру бағдарламасы бойынша студенттері халықаралық, республикалық, облыстық конференцияларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды және жетекшілеріне дипломдармен, гармониялармен және алғыс хаттармен марапатталды. 2021 жылы халықаралық конференцияға қатысып Анешбек Ф. Мен Жалолова З. Жүлделі ІІ орынға ие болды. Мектепте педагогикалық практиканы 39 мектепте өту барысында мақтау қағаздарына ие болды.

2.Білім беру бағдарламасының атауы

6В01504- «Биология»

Білім беру бағдарламасының мақсаты

1.Ойлау мәдениеті және кең көлемде, жан — жақты көзқарасы дамыған жоғары дәрежедегі білімді тұлғаны қалыптастыру.

2.Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, озық ойлы, барлық деңгейдегі тұтынушыларға сапалы білім беру негізінде замануи педагогика аймағындағы жалпы мәдениеттілік пен кәсіптік құзіреттілікті меңгерген, білім саласында сәтті жұмыс атқаратын, толерантты педагог даярлау.

3. Биология бойынша дербес жұмыс жасау үшін жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Кәсіби қызмет саласы. Білім беру

Кәсіби қызмет нысандары (бітіруші түлектің бағдарлама бойынша жұмысқа орналастыру орны)

– мектеп, лицей, гимназия, колледждерде (биология мұғалімі);
– жоғарғы оқу орындарында (лаборант, салалы кафедраларда);
– білім бөлімдерінде (маман);
– ғылыми зерттеу институты және лабараторияларда (маман, лаборант);
– жануар және өсімдік тектес шикізаттарды өңдейтін өндірістік лабараторияларда, экологиялық салалардағы ұйымдар (маман, лаборант);
– көгалдандыру бойынша жобалық ұйымдарда (маман).

Кәсіби қызмет  түрлері

1. Оқытушылық, 2. Тәрбиелік,  3.Әдістемелік, 4. Зерттеушілік, 5. Әлеуметтік — коммуникативтік

Кафедра биология білім беру бағдарламасы бойынша студенттері  Польша, Қырғызстан, Өзбекстан,  елдерінде өткен  халықаралық, республикалық, облыстық конференцияларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  Литва еліне барып 2 ай бойы оқыды. Осы білім беру бағдарламасы бойынша студенттер  ғылыми жұмыстарға белсене қатысып, авторлық куәліктер мен патенттерге ие болды. Оқытушылар Исаева А.У., Ешибаев А.А., студенттері Абубакирова А.А., Айтбаева Г., Сейтқали Н., Қабылбекова Н. мен бірлесіп жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша  2 патент алынды.

Профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігі мен құзыреттілігі мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, ғылыми марапаттар сияқты көрсеткіштермен расталады. Кафедрада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері: биология ғылымдарының докторы, профессор А.У. Исаева, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент А.Е.Қыдырбаева, х.ғ.к., доцент Жылысбаева А.Н. «Global Professional Development» ЖШС «Білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» құрметті медалімен доктор, PhD Битұрсын С., «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен тарих ғылымының кандидаты, доцент Қыстаубаев Ермахан Ибадуллаұлы марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен химия ғылымдарының кандидаты, доцент Шыңғысбаев Б.М., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Жұмадулаева А.И. марапатталды.

Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына, Еуропалық біліктілік шеңбері және Ұлттық біліктілік шеңберіне, Дублин дискрипторлары мен жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

Білім беру бағдарламасы  Университеттің миссиясы мен саясатын және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған: Оңтүстік аймақтың әлеуметтік жағдайын, инновациялық әлеуетін көтеру мақсатында білім, ғылым және тәжірибе арасындағы өзара байланысты дамыта отырып, қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру қызметін ұсыну.

Кафедраның бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша кадрлар даярлауға қажетті барлық ресурстарға, ғылыми-техникалық базаға ие.

Кафедра даярлайтын мамандықтар бойынша оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыздандыру үшін арнайы аудиториялары мен зертханалар  компьютерлік техникамен, жабдықтармен, қажетті дидактикалық материалдармен, оқытудың техникалық және аудиовизуалды құралдарымен, көрнекі құралдармен жабдықталған.

Кітапхананың электрондық ресурстарына қолжетімділік медиатекадағы CD дискте және оқу залының 3 компьютерлік аймағында, https://port.univershu.kz/ және электронды тасымалдаушыларда оқу порталы арқылы қамтамасыз етіледі.

Кітапханада қажетті әдебиеттерді іздеуге мүмкіндік беретін және жеке оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың электрондық нұсқаларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін электронды каталог жұмыс істейді. Студенттерге ақпарат іздеуде,  дипломдық жұмыстар/жобалар тақырыптары бойынша кітаптар таңдауда кеңестік көмек көрсетіледі, әртүрлі ақпарат көздері мен электрондық каталогты пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі таңда Шымкент университетінің «Химия және биология» кафедрасы білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес ғылыми бағытты және іргелі білімі бар жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілген. Кафедрада штаттағы 28 оқытушы, оның ішінде 2 профессор, 4 ғылым кандидаттары, доценттер, 12 ғылым кандидаттары, аға оқытушылар, 11 магистрлер жұмыс атқарады.

Білім беру бағдарламасында оқыту және бағалау әдістері құзыреттілік бағыт идеологиясына сәйкес келтіріліп, оқытудың соңғы нәтижесіне негізделіп жасалған. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің сұраныстарына сəйкес жаңартылып отырады. Қорыта келгенде, Шымкент университетінің Химия  және биология кафедрасында білім алушыларға  сапалы білім алудың барлық мүмкіндіктері жасалған.

А.И.Жумадулаева,
Химия және биология  кафедрасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы

 

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТЕРГЕ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *