АймақЖаңалықтар

Ordabasy: Күш атасы — Қажымұқан өскелең ұрпақтың санасында жаңғыра береді


Аудан орталығы Темірланда күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 151 жылдығына орай тағылымды мәдени-рухани іс-шара өтті.
Ең әуелі Қажымұқан бабамыздың кесенесіне барып, рухына құран бағыштаудан басталған жиын Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайында жалғасын тапты.
Шараға аудан әкімі Бағлан Батыршаев қатысып, аудан тұрғындарын, балуан ұрпақтарын, зиялы қауымды тарихи күнмен құттықтады.
Аудан әкімі Бағлан Дәнебекұлы облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен аталған мұражайға балуанның өмірі жолы жазылған үш тілде жарық көрген кітапты сыйға тартты.
«Былтыр Қажымұқан атамыздың 150 жылдығы аясында обылысымызда республикалық деңгейдегі турнир өтіп, тарихи тұлғаның өмірі туралы үш тілде өмірбаяндық кітап баспадан шықты. «Қажымұқан» атты фильм түсіріліп, көрермен назарына ұсынылды. Биыл да салалық министрлікпен бірлесе отырып, Қажымұқан Мұңайтпасұлының құрметіне арнап республикалық біріншілік өткізу жоспарлануда. Алдағы уақытта іргетасы қаланған мемориалдық кешен құрылысы қайта жұмыс бастаса, батыр бабамызға көрсетілген ең үлкен құрмет болары анық. Бүгінде Қажымұқан атамызға еліктеп қаншама жастарымыз күреске барып жатыр. Қазақтың рухты тұлғасына деген халықтың шексіз сүйіспеншілігі осылай ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді», — деді аудан әкімі өз құттықтауында.
Іс-шара барысында аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сағынғали Әбубәкіров кәсіпқой балуан жайында тағылымды естеліктер айтып, балуан мұрасын өскелең ұрпаққа үгіттеу жағына баса назар аударуға шақырды.
Мерекелік шараның соңында қонақтар мұражай ғимаратындағы күш атасының мұраларымен танысты. Сондай-ақ, «Қажымұқан» деректі фильмін тамашалады.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

Алдыңғы

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *