Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтылған. Қалған аймақтарды қамту мәселесі кезең-кезіңмен шешіледі. Биыл қаладағы 3 магистралдық коллекторының, 6 ішкі орамдық жүйенің құрылысы биыл жүзеге асырылады.
Қала әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарына бұл бағыттағы жұмыс жоспарларын баяндады.
Қазіргі таңда Еңбекші ауданында Ұлағат (2248 абонент), Мирас, Шапағат-2 (1690 абонент), Солтүстік-шығыс (480 абонент), Жұлдыз тұрғын алабында (260 абонент) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылдарға жоспарланған.
Ауданда жыл соңына дейін кәрізбен қамтылу көрсеткіші 59 %-ға өседі.
Қалада 2023 жылы 8 жоба, 2024 жылы 9 нысанның және 2025 жылы 10 елді мекенде ішкі жүйелердің құрылысы жүзеге асады.
Қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments