Шымкент қаласында 2021 жылы ауызсумен қамту үшін 3 магистралды суаққы мен 10 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Оның нәтижесінде сапалы сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға жетті.
Қала әкімі бүгін Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуде осы бағыттағы жұмыстарға тоқталып өтті. Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 78-і ауызсумен толық қамтылған,
Биыл Еңбекші ауданында Тоғыс (61 абонент), Айнатас (17 абонент), Қарабастау (1470 абонент), Қаратөбе (144 абонент), Жұлдыз (664 абонент),, Жыланбұзған (16 абонент) елді мекендерінде ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізіледі. Жоба құны – 1,7 млрд теңге.
2023 жылы 2 елді мекенге ЖСҚ әзірлеу жоспарланған. «Оңтүстік» тұрғын алабы мен Бадам тұрғын алабында құрылыс жұмыстары қолға алынбақ.
Шаһарда келесі жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа берледі. Нәтижесінде 2023 жылы Шымкент қаласының ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.
Шмкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Суретке түсірген Береке Сейітжаппар
Comments