Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 800-ДЕН АСТАМ ҚАНДАС-ОТБАСЫ ЖАЛҒА АЛҒАН БАСПАНАЛАРЫН РӘСІМДЕУЛЕРІ ТИІС   

Шымкентте 2010-2012 жылдар аралығында «Нұрлы көш» бағдарламасымен Өзбекстан елінен ата жұртқа қоныс тепкен 975 қандас-отбасы сатып алу құқығымен 8 жылға жалдамалы баспанамен қамтылған болатын. Асар шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлерді бағдарлама шарты бойынша азаматтардың сатып алу немесе банк арқылы несиелік негізде рәсімдеу уақыты келді. Қазіргі таңда 150 азамат шарт талаптарын орындап үлгерген.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков бүгін халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсаты көзделген осы және өзге де өзекті мәселелер бойынша қалалық тұрғын үй басқармасының, «Отбасы банк» АҚ мен «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігінің басшыларымен кездесті. Басқосуда тараптар тұрғындардың баспанаға қол жеткізуі үшін тиімді жолдарын қарастырды. Қала басшысының орынбасары бұл орайда тұрғындардың жағдайын барынша ескеріп, тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар, биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының 5-20-25 және 7-20-25 жеңілдетілген несиелік бағыттары арқылы 2 096 азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Кездесу барысында жұмыс істеп жүрген жастарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжаймен қамтамасыз ету мақсатында биыл 857 пәтер берілетіндігі де айтылды. Бұл бойынша азаматтардан өтінімдер қабылдау басталатыны туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және жергілікті арналар мен басылымдарда алдағы уақыттарда алдын ала жарияланады.

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҢ АЖАРЛАНУЫНА ӘСКЕРИЛЕР ДЕ АТСАЛЫСУДА  

Алдыңғы

ТАЛПЫНҒАН ЖАСҚА ЖОЛ АШЫҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *