Жаңалықтар

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЯСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ТАРАТЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігі мен ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп «Рамазан қоржыны» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Аталған іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға ауызашар есебінде азық-түлік себеттері таратылды.

Рамазан айының алғашқы күні қаланың бес жерінде, атап айтқанда, «Ақмешіт», «А. Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе» және «әл-Біләл» мешіттерінде тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға 500 данадан Рамазан қоржыны үлестірілді.

Шымкент қаласының бас имамы Б. Абдрахмановтың айтуынша, мұндай азық-түлік себеттері күн сайын отыз күн оразада жоғарыда аталған мешіттерде 500 данадан таратылып отырады.

Қайырымдық іс-шарасы барысында шаһардың бас имамы қаланың қалталы азаматтарын сауапты іске үлес қосуға шақырды.

«Шымкент келбеті»- Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

ЖОЛДАРДЫҢ САПАЛЫ ЖӨНДЕЛУІН ТАПСЫРДЫ

Алдыңғы

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ АҚАУЛАР 15 МАМЫРҒА ДЕЙІН ЖОЙЫЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *