Жаңалықтар

ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ КӨЗДЕЛУДЕ  

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясында қалалық цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Туғанбай 2022 жылға арналған жұмыс жоспарларын баяндады.

Басқарма тарапынан 2022 жылы қалада бірқатар ірі жобаларды іске асыру, оң нәтижелерге қол жеткізуде нақты міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, басқарма тарапынан биыл қала аумағын мобильді интернет желісімен және сапалы байланыс арнасымен қамту үлесін 95 %, шалғай елді мекендерді талшықты оптикалық желімен қамту үлесін 75 %, қаладағы қоғамдық орындарды wi-fi желісімен қамту көрсеткішін 100 %-ға жеткізу, қала тұрғындарының цифрлық сауаттылық деңгейін одан әрі арттыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, бейнебақылау камераларының санын ұлғайту, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарда.

Қазіргі таңда мобильді байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 11 елді мекеннің координатасы келісіліп, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жер телімдері анықталғаннан кейін жеке инвесторларға аукцион арқылы ұсынылатын болады. Тиісті жұмыстар атқарылса 106 000-ға жуық қала тұрғыны сапалы мобильді интернетпен қамтылады. Одан бөлек, 15 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жоспарға енгізілді. Қазіргі таңда елді мекендерді оптика желісімен қамтуға қажетті құрал-жабдықтар алынуда. Тиісті жұмыстар атқарылса 134 620 қала тұрғынына сапалы интернет қол жетімді болады.

Шалғайдағы елді мекендердегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары да жоспарға енгізілді. Бүгінде жеке инвесторға Асар-2 шағынауданы маңынан жер телімін аукцион арқылы беру жұмыстары қолға алынды. Асар-2 елді мекені маңына базалық станция орнатылса, мектептердегі сапалы интернетпен қамту мәселесі шешімін табады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҮНДЕУ

Алдыңғы

13 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *