ЖаңалықтарҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ БІРЛІКТІ ДӘРІПТЕГЕН «ШАҢЫРАҚ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

   Түркістан қаласындағы «Алатау» медиа орталығында өңіріміздегі этносаралық бірлікті дәріптеген «Шаңырақ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа кітаптың жарыққа шығуына Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і қолдау көрсетті.

Іс-шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшелері, БАҚ өкілдері, белгілі журналистер мен жазушылар қатысты. Жиынды Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек жүргізіп отырды.

Брифингте сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев «Шаңырақ» байқауының маңыздылығын атап өте келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауындағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ел бірлігін сақтай отырып, Жаңа Қазақстанды құруға барша азаматтардың атсалысуы керектігін баса айтты. Бұл ретте, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға арналған «Шаңырақ» байқауының маңызы ерекше. Былтыр аталған байқау Түркістан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып өткізілген болатын. Байқауда өңірімізге танымал көптеген журналистер мен блогерлер бақ сынады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Журналистер мен блогерлер клубы мүшелерінің ұсынысымен байқау барысында БАҚ-та жарияланған үздік мақалалар мен жазбалар арнайы кітап етіп шығарылды. Ынтымақты ұлықтайтын байқау биыл да жалғасады, – деді Дәурен Нұрланұлы.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиеваның мәлімдеуінше, жинақта қазақ халқының және өңірімізде тұратын этностардың берекелі бірлігі, мәдениеті мен салт-дәстүрлері, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы, кейіпкерлердің өмірі жұмысымен сабақтастырылып берілген. Сонымен қатар, түрлі этностардың тыныс-тіршілігі фотосуреттер арқылы айшықталған.

Айта кету керек, «Шаңырақ» байқауы 1 сәуірде бастау алады. Биылғы байқаудың бір ерекшелігі, 2022 жыл – Балалар жылы шеңберінде этносаралық татулықты насихаттауға басымдық берілмек. Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен блогерлер, баспасөз орталықтарының мамандары қатыса алады.

Байқау қорытындысы 2022 жылы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жарияланып, жеңімпаздар Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

ШЫМКЕНТТЕ СӘКЕН СЫБАНБАЙДЫҢ «ҒАЛАМТОРДАҒЫ МАХАББАТ» АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Алдыңғы

Әскерге шақыру науқанына – ерекше назар

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *