Наурыздың 18-25 аралығында Алматыда гандболдан жасөспірім қыздар арасында (U 18) Азия чемпионаты өткен болатын. Аталған біріншілікте Қазақстан құрама командасы жүлделі 2 орынға ие болды.
Ұлттық құрама команда сапында Шымкент қаласынан 7 спортшы бақ сынады. Милана Ульянченко аталған жарыстың «Үздік ойыншысы» атанып, арнайы марапатқа ие болды.
Айта кетсек, ұлттық құрама команда сапында Милана Ульянченко, Дарья Столзова, Ирина Игнатова, Дарья Колесниченко, Камила Надирова және Мария Головлева сынды жерлестеріміз ел намысын қорғады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments