Жаңалықтар

ОЛАРҒА АЛҒЫС ЖАРИЯЛАНАДЫ

ИЧ-167/3 түзеу мекемесінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай сондағы азаматтар арасында мәдени және көпшілік іс-шара өтті. Мәдени іс-шараны мекеме бастығы өзінің құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді.

Іс-шараға қатысушылар әз- Наурызға арналған әндер шырқап,  «Наурыз — күн мен түннің теңдігі» атты көріністер көрсетті. Сонымен қатар мәнерлеп, сатиралық әңгімелерін де оқыды. Өнерлерін бағалау үшін мекеме бастығы мен орынбасарлары олардың өнеріне тиісті бағаларын бере отырып, қорытынды сөзінде осындай іс-шаралар жиі өткізетіндерін және белсенді қатысушыларға алғыс жарияланатынын айтты.

Бұл іс-шараның тағдыр тәлкегімен осында отырғандарға жақсылық пен мейірімділікке ұмтылуға өз ықпалын тигізетіні анық.

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОАУЫЛДА «НАУРЫЗ-ДУМАН» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ  

Алдыңғы

Спартакиада жеңімпаздары марапатталды  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *