ҚоғамРуханият

ҰЛАҒАТТЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН

Халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен береке мейрамы. Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайтын ай. Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан.

Баршаңыз білесіздер, бабадан жеткен жыл қайыру дәстүрі бойынша, биыл барыс жылы кіреді. Барысты біздің халық ұлы даланың рухына балап ерекше құрметтеген, киелі санаған. Аталарымызбен әжелеріміз барыс жылы келгенде биыл барыс күшіктейтін жыл , әр қазақтың бесігіне айбарлы ұл, сүйкімді қыз сыйласын тілеуі жақсы аң, ұрпақ көп болады деп санайтын. Халқымыз осынау текті аңды жыл санауға да енгізгені бекер емес. Биылғы — 2022 жылды — ел президенті “БАЛАЛАР ЖЫЛЫ” деп жариялады Алла жазса, бұл жақсы ырым, қазағым көбейеді бай қуатты болады деп сенейік. Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін. Баршаңызды осы ұлағатты мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Ізгі тілекпен Қобланды Абенов,

Атамекен ҰКП Алматы облысы, Қаратал ауданы филиалының мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесшісі.

БЕРЕКЕ-БІРЛІГІМІЗДІ САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ «НАУРЫЗ-ДУМАН» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *