Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ФЕСТИВАЛІНДЕ ҰЗЫНДЫҒЫ 30 МЕТРЛІК ҚАЗЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Шымкентте Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі бүгін «Ұлттық тағамдар күні» деген атаумен өтіп жатыр. Осыған орай «Шымқала» этноауыл тарихи кешенінде «Тағамдар фестивалі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Фистивальде әртүрлі ұлттық тағамдар әзірленіп, келушілер ұлттық дәмдерден ауыз тиді. Ал, фестивальдің ең қызықты сәті —Шымкент қаласы білім басқармасының Индустрия және тамақтану коледжінің ұстаздары мен студенттерінің 30 метрлік қазы дайындауы болды.

Болашақ аспаздар мен олардың ұстаздары жылқының алдын ала жуып дайындалған ішегіне тілініп, тұздалған және түрлі дәмдеуіштер қосылған қабырға майы мен етті араластырып тықты. Аспаздардың қазы аударудың әдіс-тәсілін жетік меңгергені көрініп тұрды. Ал, қазының 30 метр болу себебі еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен байланысты екен.

Ұлттық тағам балалар үйі мен мешіттерге таратылатын болады.

Фестиваль барысында Шымкент қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұйымы, жергілікті дәстүрлі әншілер мен күйшілер ән мен күйден шашу шашып, бар өнерлерін ортаға салды.

«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ

«ДӘМДӘСTOUR» ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ҮЗДІК РЕСТОРАНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ  

Алдыңғы

БЕРЕКЕ-БІРЛІГІМІЗДІ САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *