Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесулер барысында көтерілген өзекті мәселелер шешімін табуда, орындалмайтын бос уәде емес нақты істер атқарылуда.
Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданы тұрғындары көтерген 33 мәселенің бүгінде 13-і оң шешімін тапқан.
Бұл бойынша бүгін аудан әкімі Рашид Мыңбаев қала басшысының аудан белсенділерімен өткен кезекті «ашық диалог» форматындағы жиында баяндады. Басқосуға келген аудан белсенділері жұмыстардың жүйелі түрде атқарылып жатқанын растады.
Бүгінгі жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Айгүл Қапбарова мен Нурлан Бекназаров, аудандық қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
33 хаттамалық тапсырманың бүгінде 13 мәселе шешімін тапқан болса, қалғаны белгіленген кестеге сәйкес орындалу барысында.
📍Сәуле шағын ауданына жүретін №96 және №43 қоғамдық көліктердің бағытына өзгеріс енгізілді. Тұрғындардың ұсынысы бойынша бұл бағыттар мектеп пен емхананы қамтыды. Сонымен қатар, шағын ауданда 5 аялдама орнатылды.
📍Ақжайық шағын ауданында биыл Ақжелен көшесінен кіретін атауы жоқ 4 көше орташа жөндеуден өтеді. Елді мекендегі Тоқпан, Балтамыр және Майлыкент көшелерінің ойық жерлерін бітеу жұмысы да жүргізіледі.
📍Тұрғындар Забадам каналын белгісіз тұлғалар қазып жатқаны туралы шағымын жеткізген болатын. Полиция қызметкерлері каналдың арнасын заңсыз кеңейтіп жатқан 4 үйді анықтады. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша ескерту хаттамасы толтырылды. Мұндай заңсыздықты болдырмау мақсатында каналды бетондау үшін ЖСҚ әзірленуде.
📍Ақтас шағын ауданының жаңақұрылыс аумағын табиғи газбен қамту үшін бүгінде құрылыс жұмысы жүргізілуде. Бұл жұмыстарды қазан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде 65 үй табиғи газге қол жеткізбек.
Жиында Мұрат Әйтенов аудан әкіміне тапсырмалардың орындалу барысын пайыздық көрсеткіштермен ай сайын баяндап отыруды тапсырды.
Аудан белсенділері шешімін тапқан мәселелер бойынша ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments