Жаңалықтар

СЕНБІЛІКТЕ 5 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласында «Таза қала» республикалық акциясы аясында  жалпықалалық сенбілік өтті.

Қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған сенбілікке барлық әкімдік қызметкерлері,  басқармалар мен түрлі мекемелердің  қызметкерлері қатысты.

Бұл күні қала көшелерін санитарлық тазалаумен бірге, ирригациялық жүйелер қоқыстан тазаланып, ағаш көшеттері отырғызылды.

А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағында қала әкімдігі мен саябақ қызметкерлері бірігіп санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, 500 түп қылқан жапырақты ағаш көшетін екті .

Абай ауданы әкімдігі мен тұрғындары Қазығұрт шағын ауданында орналасқан ОРМАН ҚОРЫ жеріне 1500 қарағаш көшетін отырғызды. Әл-Фараби ауданында «Әр отбасынан бір ағаш» челленджі аясында мыңға жуық ағаш көшеті қондырылды.

эЕңбекші ауданында №1 автожол көшесі мен Маятас тұрғын алабына 1000 түп көшет (клен,ясень, қарағаш) егілді.

Достық шағын ауданы Ақбосаға көшесінің бойына Қаратау ауданы әкімдігі тарапынан 1000 дана қарағаш көшеті отырғызылды. Жалпықалалық сенбілікке 10 мыңнан аса адам қатысып, 40 техника жұмылдырылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ

Алдыңғы

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *