АймақЖаңалықтарЖастар саясаты

КӨКТЕМГІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, жасақтау басқармасының бастығы Әжімұхан Шынтаев көктемдегі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталғанын жариялады.

– ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. 18-27 жас аралығындағы ер азаматтар белгілі себептер болмаса, әскери қызметін өтеуге шақыртылады. Ол себептерге отбасылық, білім алу немесе денсаулыққа байланысты жағдайлар жатады. Әскерден қалдыру мемлекеттік электронды портал арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда шақыру комиссиялары өз жұмыстарын бастады. Жоспар бойынша 700-ден астам азамат әскерге шақыртылуы тиіс. Қазіргі таңда шекара өызметін жасақтау жүзеге асып жатыр. азаматтар медициналық сараптамадан өтіп, соңында комиссия шешім шығарады, — деді Әжімұхан Қалмаханұлы.

Ә.Шынтаевтың айтуынша, азаматтарға шақырту SMS немесе арнайы шақырту қағазы арқылы жіберіледі. Егер шақыртуға келмесе, ҚР ӘҚК талабына сәйкес 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Әскери міндеттен жалтарса, ҚР Қылмыстық кодексінің 387 бабына сәйкес айыппұл төлеу, қоғамдық жұмыстарға тартылу немесе 1 жылға бас бостандығынан айырылу қарастырылған.

Сонымен бірге ата-аналардың әскери қызметке шақыруға байланысты шағымдары болса, департамент жанындағы «адалдық алаңына» өтініштерін қалдыра алады.

«Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

ШАРУАЛАР КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЫНЫҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *