Басты ақпаратСаясат

ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Бұған дейін Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылатыны белгілі болды. Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауын 1 қыркүйекте жария еткен еді. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау және басқа да бағыттарды қамтыды.

Бүгінгі ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына депутаттық корпуспен қатар, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысты.

ШЫМКЕНТТЕ ОНЫНШЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ШАРУАЛАР КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *