АймақЖаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ ҮМІТКЕРЛЕР ӘҢГІМЕЛЕСУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

ҚР Қоғамдық кеңестер туралы заңы және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекіткен үлгілік ережеге сай Шымкент қалалық мәслихаты құрған жұмысшы тобы қоғамдық кеңесті қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Осы талапқа сәйкес «Әл-Фараби» атындағы қалалық әмбебап-ғылыми кітапханасында жұмысшы тобының қоғамдық кеңеске үміткерлермен әңгімелесу рәсімі өтті.

– Жұмысшы тобы біраз іс атқарды. Хабарландырулар берді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын анықтады. Бүгінгі таңда оның мүшелігіне 69 өтініш келіп түсті. Оның 32-сі қоғамдық ұйымдардан болса, 37-сі жеке азаматтардан түскен. Қоғамдық кеңес ережелерінің талаптарына сәйкес үміткерлермен әңгімелесу өткізіледі. Онда барлық үміткерлерге бірдей сұрақтар беріледі. Сол сұрақтардың жауаптары және қосымша келіп түскен құжаттар бағаланады. Соңында жиынтық балл қойылады. Сол ескеріле отырып, ашық дауыс беру арқылы қоғамдық кеңестің тізімі анықталады, — деді жұмысшы тобының төрағасы Әмірдин Әлішев.

Анықталған тізім Шымкент қалалық мәслихатының кезекті сессиясында бекітіледі. Республикалық уәкілетті органның берген ұсынысына сәйкес, қоғамдық кеңес құрамында 29 адам болу керек. Биыл 29 наурызда бұрынғы қоғамдық кеңестің уәкілеттігі аяқталады. Қалыптасқан жаңа қоғамдық кеңес бекітілген соң 3 жұмыс күні ішінде БАҚ-та және қалалық мәслихаттың интернет ресурсында жарияланады.

«Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, фото: Серік ҚОСАЕВ

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ТАЙҚАЗАН» ТУРНИРІ ӨТУДЕ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ОНЫНШЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *