ҚоғамТарих

«Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім»

Кеңес Одағы кезінде ұзақ жыл ел басқарып, қазақ халқының есінде тек жақсы жағынан қалған ұлы азаматтың бірі — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Ол бір сөзінде «Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте» деген екен.

Сол айтқандай, кешегі күнгі көзқарастар бүгін басқаша өзгеруде. Ең бастысы, бүгінгі Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халық қаласа, Қапшағай қаласы Дінмұхамед Қонаев атымен аталатынын айтты. Өте дұрыс ұсыныс.

Иә, Қонаев айтқандай, «Қанмен сіңгенді қадірлемесең, қадірің болмайды». «Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім» деген біртуар тұлғасының есімін еліміз азаматтары мәңгі есте қалдыру үшін Қапшағай қаласына атын береді деген үміт мол.

«Азаматтық қалыпты биік ұстау — кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жолы да осы» деп қалай дәл айтқан.

Өзіңіз айтқандай, «Тәуелсіздіктің жүгі ауыр» екен. Енді еліміз ешқашан аласармай, Тәуелсіздіктің туын жоғары көтеріп, алға баса берейік!

Базаркүл ҚАЛБЫР.

 

№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАДА 24-ШІ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ТАЙҚАЗАН» ТУРНИРІ ӨТУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *