Жаңалықтар

БИЫЛ КӨКБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Абай ауданына қарасты Көкбұлақ тұрғын алабында 418 отбасы қоныстанған. Елді мекенде 1 мектеп және 3 балалар спорт алаңшасы орналасқан. Көкбұлақты инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмысы кезең-кезеңіме атқарылуда.

🚰 2021 жылы елді мекен ауыз сумен толық қамтылды.

💡 Мемлекеттік жүйедегі электр қуаты өткен жылы тартылған.

🔥Табиғи газбен қамту үшін қазір құрылыс жұмысы жүргізілуде. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр.

🛣️ Елді мекенде жалпы 9 көше болса, бүгінде оның 4-і асфальт, 5 жолға тас төселген. 2023 жылы шағал тас төселген Ағыбек ата, Үркінбай ата, және Жомарт ата көшелеріне асфальт салынса, 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері жаңарады.

🎇 Жуырда елді мекендегі Есбол қажы көшесіне жарықтандыру жұмысы жүргізілді.

🛰️ Сапалы интернетпен қамту мақсатында өткен жылы оптика желісі тартылған.

🚌 Бүгінде №146 және 180 бағыттағы қоғамдық көлік 21 минут аралығында қала орталығына қатынайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

БІР ЖЫЛДА 127 ЖҮЛДЕ

Алдыңғы

ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *