ҚоғамРуханият

БҮГІН — АЙ МЕН АМАЛ ТЕҢЕСКЕН КҮН

Армысыздар, достар!

Наурыздың 13- нен 14 -не қараған түнде Ай мен Амал жұлдызы бір сызықтың бойында теңеседі екен. Мұны халқымыз Ай мен Амалдың көрісуі деп атаған. Сонау  заманнан бері халқымыз бұл күні бір-бірінің үйіне кіріп, «Жаңа жасың құтты болсын!  Жылдан-жылға аман жете берейік» деп тілек тілеп, көріскен. Бұл күні әр шаңырақ дастарқанға барын қойып, келгендерді күткен. Әсіресе, балалардың қойны-қоншына бауырсақ пен тәтті-пәттісін салған. Мұндағы мақсат — «алдағы уақытта осы періште балалардың қарны тоқ, уайымы жоқ болсын» деген ниет. Ренжіскендерді татуластыруға ұмтылған. Қыстан қысылып шыққан ауылдастары осы күннен бастап Ұлыстың Ұлы күні- 22 наурызға дейін көктем мерекесін тойлаған.

Әр қазақтың есігінен бақ-береке мен құт кетпесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Базаркүл ҚАЛБЫР

ҚАНТ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ!

Алдыңғы

«МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ЖАҒДАЙЫ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ҰСЫНЫСТАР»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *