Жаңалықтар

АГРОФИРМА-ҚАРАСУДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛ ШЕШІЛЕДІ 

Абай ауданына қарасты Агрофирма-Қарасу шағын ауданы 125 гектар аумақты алып жатыр. Онда мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Балаларға арналған 1 спорт алаңшасы бар. Бүгінде шағын аудан тұрғындарын мектеп мәселесі алаңдатады. Бұл мақсатта 1,5 га жер телімі анықталып, «Shymkent» ӘКК АҚ тарапынан инвестор іздестірілуде.

💡 жекеменшік электр жарығымен толық қамтылған. Мемлекеттік бағаналар орнату мақсатында ЖСҚ әзірленуде.

🚰 ауыз сумен толық қамтылған.

🔥 65 үй жекеменшік табиғи газбен қамтылған. Мемлекеттік көгілдір отынмен қамту үшін биыл ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.

🌐 интернет желісімен қамту мақсатында Құрсай ш.а биіктігі 15 метрлік мұнара орнатылып, байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде.

🛣️ жол – 1 асфальт жол, 10 тас жол, 1 топырақ жол

2021 жылы – Ақүйік, Ақшат, Көксәйек, Кеңестөбе, Ақбастөбе, Шарбұлақ, Аққанбұлақ, Ақтекше, Аққия көшелеріне шағал тас төселді

2022 жылы — Ақбұлым көшесіне шағал тас төселеді

⛹️ 2021 жылы — 1 спорт алаңшасы пайдалануға берілді

2022 жылы — 1 балалар алаңшасы салынады.

🚌 №96 қызмет көрсетеді. Жолаушыларды тасымалдаудың кешенді схемасына сәйкес, 96 бағыт «Аэровокзал — Сауле шағын ауданы» аралығында қатынайтын болды.

🎇 Былтыр Сарытау көшесі жарықтандырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ  

Алдыңғы

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *