Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек ауданды дамыту мақсатында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы ақпаратымен бөлісті.
Баспасөз жиынында аудан аумағындағы ауыз су, электр жарығы,табиғи газ, тұрғын үйлерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету және т.б. бағыттар бойынша атқарылған ауқымды істерді атап өтті. Атап айтқанда, бүгінгі таңда аудан тұрғындарының 94,4 пайызы ауыз сумен, 96,5 пайызы мемлекеттің сапалы электр энергиясымен, 86,4 пайызы мемлекеттік жүйедегі табиғи газбен қамтамасыз етілсе, кәріз жүйесімен қамту 57%-ды құрап отыр.
— Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғаюда. Өткен жылы жергілікті бюджетке 83,9 млрд. теңге жиналып, ол 2020 жылдың есепті кезеңімен (80,0 млрд. теңге) салыстырғанда 6,6 пайызға артқан. Сонымен қатар, ауданымызда 3 индустриалдық аймақ пен 27 ірі өндірістік кәсіпорын орналасқан. Есепті кезеңде ауданның инфрақұрылымын және кәсіпкерлік бағытын дамытуда жалпы 127,3 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 2020 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе артты,- дейді аудан басшысы Досбол Күздікбайұлы.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Comments