АймақЖаңалықтарМәдениет

ШЫМКЕНТТЕ «ШЕКСІЗ ӘЛЕМ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Шымкентте көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандардың қатысуымен «Шексіз әлем» атты қайырымдылық концерті өтті. Қайырымдылық кештің өтуіне Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Асқар тау.kz» қоры ұйытқы болды.

Іс-шараның басты мақсаты – талантты жандарға қолдау көрсетіп, олардың өнері мен шығармашылығына жағдай жасау. Ерекше талант иелерінің қабілетін шыңдаумен қатар өмірге деген құштарлығын арттыруға ықпал ету дейді,- ұйымдастырушылар.

Шараның өтуіне «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мағжан Исахов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова, «Ten qogam» әлеуметтік орталығы мен meyirim.kz порталы, Кәусар шайхана желісі демеушілік жасады.

– Осы іс-шара арқылы ерік-жігері мықты, ерекше жандарды көпшілікке танытып, өмірге құштарлығын арттыруға ықпал еткіміз келеді, — деді «Асқар тау.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Гүлсара Дүйсенәліқызы. Аталмыш шарада зағип жандар ән салып, көркемсөз оқыды.

– Жастар орталығында өнер, тіл үйрету, психологиялық көмек көрсетуге арналған 12 үйірме бар. Бүгінгі концерт өнер үйірмесінің бастамасымен қолға алынған. Концертті әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтардың бос уақытын тиімді өткізу, оларды сахнаға шығару мақсатында өткіздік, — деді жастар орталығының басшысы Мағжан Исахов. Айта кетейік, қайырымдылық концертінен жиналған ақша зағип жандардың еміне жұмсалатын болады.

«Шымкент келбеті» газеті — Ақбөпе ЕРГЕШ, фото — Серік ҚОСАЕВ

ШЫМКЕНТТЕ БІР АЙЛЫҚ ЖАҢБЫР БІР КҮНДЕ ЖАУДЫ  

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАРМЕН БАЙЛАНЫС – БАСТЫ НАЗАРДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *