АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ЖОЛ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША САЛА ЖЕТЕКШІЛЕРІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Мемлекет басшысы адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналатынын айтқан болатын. Осы мақсатта Шымкент каласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов пен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков қала әкімдігінің akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығып, көпшіліктің сұрағына жауап берді.

Сала жетекшілерінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирі 1 сағатқа созылды. Сол уақытта 250-ден астам адам сауалдарына жауап алды. Қойылған сұрақтардың басым көпшілігі елді мекендерді сапалы ауыз сумен, электр жарығымен, табиғи газбен қамту және көшені жарықтандыру мен жолдарға асфалть төсеу, сонымен бірге қоғамдық көлік пен жол белгілерін орнату мәселесі болды.

Боранбай Булатбеков эфир барысында 2023 жылы тұрғындар 100% сапалы ауыз сумен қамтылатынын және жыл соңына дейін 1 қосалқы станция мен 8 елді мекендегі құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық халық сапалы электр қуатына қосылатынын, табиғи газбен қамту бойынша биыл 2 магистралды желі мен 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 20 мыңнан астам адам табиғи газбен қамтылатынын жеткізді. Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биылғы жылы 102 көшені жарықтандыру жоспарланғанын атап өтті. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов биыл қалада 9,9 шақырымнан астам жолға қайта құру, 291 көшеге орташа жөндеу, 70 шақырымды құрайтын көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары мен 150 орынға аялдама орнату жұмыстарын атқарамыз деді. Сонымен бірге ол 2022 жылы 4000 жол белгілері, 16 бағдаршам, 15 белсенді жаяу жүргінші өткелі, 300 шақырымға жол таңба сызу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Қазіргі кезде қала әкімдігінің парақшасында 120 мыңнан аса жазылушы бар. Бүгінде халықтың көпшілігі әлеуметтік желіні қолданатындықтан осы арқылы тұрғындармен кері байланыс орнату тиімділігін көрсетіп келеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАЙТПАСТА БИЫЛ 5 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ӘМБЕБАП ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *