АймақДенсаулықЖаңалықтар

ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ СОҢҒЫ НАУҚАСТЫ ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Коронавирус індетін жеңіп шыққан 70 жастағы қарияны инфекциялық стационардағы дәрігерлер қошеметпен үйіне шығарып салды. Бисенбек Усербаев орталықта ем алып шыққан соңғы науқас. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Егде жастағы қарт кісінің қауіпті инфекцияны жеңіп шығуы дәрігерлер үшін жетістік, қауіпті инфекцияны жеңуде жемісті жеңіс.

Айта кетейік, қаладағы эпидахуал ушыққанда «Ақжайық» шағынауданында модульді жұқпалы аурулар госпиталі ашылған болатын. Емдеу мекемесінде дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдап, күшейтілген режимде жұмыс істеді.

200 орынға лайықталған стационар 2020 жылдың 10-маусым күні ашылып, 2022 жылдың 28-ақпан күні соңғы науқасты үйіне шығарды. Мұнда соңғы екі жылдың ішінде он мыңға жуық науқас ем алып шыққан.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ, ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ ТАНЫМДЫҒЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алдыңғы

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА САПАЛЫ ЖАРЫҚ КЕЛДІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *