АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

АШЫҚ ДИАЛОГ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

Шымкентте қала әкімінің шешімімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша «Бірыңғай қабылдау күндері» басталды.Ж.Шанин атындағы драма театры ғимаратында өтіп жатқан қоғамдық қабылдауға 150-ге жуық қала тұрғыны жазылған.

Шараның алғашқы күнінде халықты қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың бастамасымен қалалық тұрғын үй, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, білім және денсаулық сақтау басқармалары мен Әділет департаменті, Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшылары, сондай-ақ, аудан әкімдерінің орынбасарлары қабылдауда. Бірыңғай қабылдау күніне келген азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үймен қамту және әлеуметтік көмек пен тұрақты жұмыс орнымен қамту өтініштерін жеткізді. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков көтерілген мәселелер назарға алынып, заң аясында шешімін табатынын атап өтті. Бұл тұрғыда жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Ерғали Дәулетбекұлы азаматтарды әр апта қабылдап, түйткілді мәселелерін бақылауға алып келеді. 2021 жылы 400-ге жуық азамат қала әкімі орынбасарының жеке қабылдауында болған.

Бүгінгі бірыңғай қабылдау күндерін өткізудегі мақсат — тұрғындармен ашық диалог орнатып, өзекті мәселелерді қарастыру.  Кестеге сәйкес жалпықалалық іс-шара жалғасын табады. Қоғамдық қабылдауға жазылып, толық ақпарат алу үшін 8(7252) 24-71- 61; 24-70 47 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.

6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

Алдыңғы

АҚЖАРДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *