ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласында өткен жылы 1 млн астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның 571,7 мың шаршы метрі көпқабатты үй. Нәтижесінде индекатор көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 56 пайызға ұлғайған. Биыл 1 млн 60 мың шаршы метр үйді қолданысқа беру көзделіп отыр.

Бұл туралы қала құрылысы басқармасының басшысы Әбілсейт Рабаев қала әкімдігінің «Instagram» парақшасындағы тікелей эфирде баяндады.

Басқарма басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, биылғы жоспарлармен бөлісті.

2021 жылы бюджет есебінен 4 832 пәтерлі 79 тұрғын үйдің құрылысы екі бағытта жүргізілген. Оның 1 656 пәтерлі 26 үй арендалық болса, 3 176 пәтерлі 53 көпқабатты үй кредиттік бағытта. Жыл қорытындысымен 1 860 кредиттік пәтер мен арендалық 336 пәтер пайдалануға берілген.

–Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бюджет есебінен 2 972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бұл үйлердің 1 652 пәтері кредиттік бағытта, 1 320 пәтері арендалық. Аталған үйлердің құрылысын ағымдағы жылы аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр -деді Ә.Рабаев.

Эфир барысында 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй кезегіне қатысты болды. Басқарма басшысы бұл сауалдарға тұрғын үй басқармасы жауапты екенін және құрылыс саласына қатысты сұрақтың бәрін жіті бақылауға алатынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІЛЕР ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ

Алдыңғы

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІ СЪЕЗІНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *