ҚоғамМәдениетРуханият

ЖАНАТТЫҢ ӘСЕМ ГҮЛДЕРІ

Шамасы, былтыр ғой деймін, Шымкент қаласындағы Абай атындағы орталық көпшілік кітапханалар жүйесіне бас сұққанмын. Жанаттың отырған жеріне барсам, көздің жауын алатын гүлдер, гүлдер болғанда да гүл атасы – раушанның небір түрі әр құмырада жайқалып тұр. Керемет, әрқайсысының жанына барып, еріксіз қызыға қарап жүрмін.   

  — О, не деген тамаша көп гүлдер! — десем, Жанат:                                 

— Мен істегенмін ғой,- дейді жымия.                                     

Жалпы, өнер деген ұлтымыздың бойына о бастан қонақтаған қасиеттің бірі ғой. Алғашқылардың бірі болып жылқыны қолға үйреткен қазақ халқы ат әбзелдерін жасап, батырларымыз бен билеріміз, хандарымыз сән-салтанатымен мініп жүргенде, өзгелер жайдақ шауып жүрген. Ер азаматтар темірден түйін түйіп, түрлі бұйымдар жасағанда, қыз-келіншектер де үйге қажетті кілем тоқып, киіз басқан. Бойжеткендер кесте тігіп, тоқыма тоқыған. Міне, осы өнерді бұл күнде өзінің хоббиі ретінде жандандырып жүрген Жанат Сауырбаеваның мамандығы кітапханашы. Ол Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы университетті 1990 жылы бітірген. Жанат жұмыстан кешкісін үйде бір мезгіл босай қалса, қолынан ине мен жіпті, қағаз бен қаламды тастамай, түрлі гүлдер мен салфеткалар жасайды. Бұл өнер оған анасы Орынша Оразымбетқызынан қанмен бірге келген болу керек. Өйткені, анасы киіз де басып, жүннен  кілем мен пресс жіптен небір сумкалар да тоқитын, бұларға әдемі көйлектер де тігетін. Бірақ оларды үйренуге Жанат онша зейін қоймады. Жас кезінде сурет салып, тұмар тігетін, түрлі-түсті моншақтардан браслет істейтін. Кейінгі кездері гүлдермен айналысып жүр. 

  — Қазір №12  кітапхана бөлімшесінде қызмет етудемін. Мектеп оқушылары қызығып жатса, кейде бір сәт сергісін деп үйретіп те қоямын. 

  — Осындай гүлдерді көргендер сатып алғысы келетін шығар?

  — Менің гүл істейтінімді білетін достарым мен таныстарым өтініш беріп жатса, үйдегі дайындарын әкеп беремін. Өзгелерге қуаныш сыйлаған қатты ұнайды,- дейді ол. 

  Иә, қолөнер шыдамдылықты, төзімділікті, сабырлылықты қажет етеді. Жастардың бойындағы эстетикалық ой-өрісті дамытып, әдемілікке үйретеді. Ендеше Жанат, қызметте абыройлы болып,  өнеріңнің өрлей беруіне тілектеспін. 

  Гүл әсемдік пен әдеміліктің белгісі. Үй ішін жаймашуаққа, ғажайып  нұрға бөлейтін де гүл. Ендеше,  әдемі гүлдерге өтініш бергілеріңіз келсе, Жанаттың телефоны: +7771 670 0203

Базаркүл ҚАЛБЫР.

Шымкент қаласы

№47 МЕКТЕП — ГИМНАЗИЯСЫНА ЖАҢА ҒИМАРАТ

Алдыңғы

COVID-19 ВИРУСЫ 5 АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *