АймақЖаңалықтарТехнология

БИЫЛ 11 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкентте өткен жылы шалғай орналасқан 14 елді мекенге базалық станция орнатылып, мобильді интернет желісімен қамту көрсеткіші 91% жетті. Бұл туралы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында баяндады.

Басқарма басшысының сөзінше, 2022 жылы интернет сапасы төмен 11 елді мекенге базалық станция орнатылады. Олар: Ақниет, Қызылжар, Мартобе, Достық, Жаңаталап, Елтай және Тоғыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Азат, Тұран, Асар және Құрсай шағын аудандары. Нәтижесінде, 71 200 қала тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізіп, қамту үлесі 95% жетеді.

–2021 жылы жеке инвестор есебінен 10 елді мекенге талшықы оптика желісі жүргізіліп, 100 мыңға жуық қала тұрғыны сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік жасалды. Ал, 2022 жылғы жоспар бойынша, 15 қаладан елді мекен (Самал-3, Ақниет, Қызылжар, Ынтымақ, Жайлау, Қарасу, Солтүстік-Батыс, Қарабастау, Забадам, Мирас, Мәртөбе, Асар-2, Қайнарбұлақ, Құрсай, Қазығұрт) талшықты оптика желісімен қамтылады, — деді Ә.Әбдіраханов.

Өткен жылы Ubiquiti Networks технологиясы арқылы қаладағы 30 қоғамдық орынға тегін WI-FI іске қосылған. Биыл қоғамдық орындарды интернетпен толық қамту үшін 9 жерге 25 құрылғы орнатылады.

Эфир барысында тұрғындардан 70-тен астам сұрақ келіп түсті. Басқарма басышысы әр бір тұрғынның сұрағына жеке жауап берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАЛА ӘКІМІ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ  

Алдыңғы

№47 МЕКТЕП — ГИМНАЗИЯСЫНА ЖАҢА ҒИМАРАТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *