ДенсаулықЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 600 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ВАКЦИНА АЛҒАН

Соңғы тәулікте КВИ-дің 4 жағдайы тіркелді. Қазір екі науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынған. Бүгінде қаладағы мамандандырылған инфекциялық-стационарларда барлығы 374 орын бар, төсек орын толымдығы 9,6%-ды құрайды, 338 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 36 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 75 төсек орын бар, 5 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 300 адам вакцина алды (I компонент- 127, II компонент-173). Егу науқаны басталғалы барлығы 598 406 адам вакцинацияланды.

Pfizer вакцинасының I компонентін 53 394 адам, II компонентін 32 315 адам қабылдады. Сондай-ақ, 133 402 адам ревакцинацияланды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ  

Алдыңғы

ТАСҚЫН СУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАҚЫЛАУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *