АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ 

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен қоғамдық көлік қызметтеріне мониторинг жүргізілді. 

Қалада жаңа шағын аудандардың қосылуына байланысты кешенді сызбаға сәйкес автобус бағыттарының саны артады. Қозғалысты оңтайландыру үшін жауапты басқарма бағыт қосу жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Шаһарға келген жаңа 590 автобустың қозғалыс сызбасын халыққа тиімді ету мақсатында арнайы жұмыстар жүргізіліп отыр.

– Үшінші мегаполисте 78 бағытта жолаушылар тасымалдайтын 800‐ге жуық автобус бар. Автобус артқан сайын тұрғындардың арыз‐шағымдары да ескеріліп отыр. Мәселен, бағыттарға қатысты әлеуметтік желіде тұрғындар 150‐ші автобус жұмысына көңілдері толмай, шағым түсірген. Мәселенің мән‐жайын анықтап, жүргізушіге қатаң ескерту берілді. Өзге автобустың бағыттары бойынша жұмыстарын диспечерлік қызмет орталығы арқылы бақылау жүргізілуде, ‐ деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Наурыз Сүгіралиев.

Ақбөпе ЕРГЕШ

МИРАС ШАҒЫН АУДАНЫ БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Алдыңғы

3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *