АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

МИРАС ШАҒЫН АУДАНЫ БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қаратау ауданына қарасты Мирас шағын ауданының аумағы 330 гектарды құрайды. Мыңға жуық отбасы қоныстанған шағын ауданда 4410 адам тұрады.

✅Мұнда 35 көше болса, 2020 жылы атауы жоқ 14 көшеге атау берілген. Биылғы жылы атауы жоқ 9 көшеге атау беру және атауы қайталанатын 1 көшенің атын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

💡«Мирас» шағынауданындағы тұрғын үйлер мемлекеттік электр жарығымен 💯 пайыз қамтылған.

🚰Ондағы мыңға жуық отбасыға сапалы ауыз сумен толық берілген.

🔥Шағын аудандағы барлық тұрғын көгілдір отынға қосылған.

👷🏼‍♂️Өткен жылы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары биылда жалғасын тауып, жыл соңында аяқталады. Осылайша кәрізбен қамту дәрежесі 100% болады деп күтілуде.

💡2021 жылы Кеме қалған мен Қарабура көшелеріне жарықтандыру бағаналары орнатылған болса, биыл Мирас пен Жібек жолы көшелері жарықтандырылатын болады.

🛣️Шағын аудандағы 7,8 шақырым жол, яғни 23 көше асфальтталған, ал 12 көшеге шағал тас төселген. Кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары толық ақталғаннан кейін қазылған көшелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

🏤Мирас шағын ауданында 1 мектеп, 6 балабақша, 1 емхана, 1 медициналық көмек көрсету пункті және 2 спорт алаңшасы мен 1 балалар ойын алаңшасы бар.

🚌Шағын ауданға № 141 қоғамдық көлік қатынайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ҚАЙТАРУ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ  

Алдыңғы

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *