АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

АБАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 27 СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Бүгін Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов қала әкімдігінің «Instagram» парақшасындағы тікелей эфир арқылы 2021 жылы аулаларды абаттандыру бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндап, тұрғындар сұрағына жауап берді.

Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2021 жылы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 21 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттанған. 12 спорт алаңшасы ағымдағы жөндеуден өтіп, 35 спорт алаңшасы салынды.  Сонымен қатар, өткен жылы «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілер есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылған.

Аудан әкімінің сөзінше, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 балалар ойын алаңшасы мен 10 спорт алаңшасы салынады.  Эфир барысында тұрғындар тарапынан 100-ден аса сұрақ келіп түсті. Сауалдардың дені абаттандыру, коммуналдық және инфрақұрылым бағытында болды.

Б.Парманов барлық сұраққа егжей-тегжейлі жауап беріп, аудан аумағын абаттандыру, инфрақұрылыммен қамту жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 13 СЕССИЯСЫ ӨТТІ  

Алдыңғы

ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЛИФТІЛЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *