Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, депутаттар мен аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты. Бүгінгі сессияда қаладағы мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысында қаралып бекітілген мәселенің бірі қала және аудан әкімдерінің халықпен кездесулерінің 2022 жылға арналған күнтізбесі. Енді жаңа формат бойынша әкімдер халықпен жыл бойы тұрақты кездесулер өткізеді. Осы бойынша қала басшысы халық қалаулыларына кездесулердің қорытындысы бойынша өзекті мәселелердің пулы құрылатынын айтып өтті.
« Өзекті мәселелердің пулы аясында қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, тиісті құрал-жабдықтарды сатып алу мен құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша нақты шаралар ұйымдастырылады», — деді әкім.
Сессияда депутаттармен 5 өзен мен каналдардың арнасын түзету, жағалауларды нығайту жұмыстарын жүргізумен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қаладағы 24 канал мен 2 өзенге механикалық тазалау;
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында 32 395 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек беру жұмыстарын жүйелі жүргізу бойынша шешімдер қабылданды.
Жиын соңында Мұрат Әйтенов сессия жұмысында айтылған ұсыныстарды қолдағандары үшін депутаттар корпусына алғысын білдіріп, халықтың өтініші негізінде қойылған депутаттық сауалдар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments