АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚоғам

Павлодар облысына қоныс аударғыңыз келсе…   

Алдымен, Павлодар өңіріне қоныс аударған азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар көрсетілетін болады. Сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарға мүмкіндік бар, ол үшін өз бизнесін дамытуға қайтарылмайтын гранттар пен микрокредиттер көзделген екен. Ал, ең басты жасалған жағдайлардың бірі-

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару жұмысқа орналасудан басқа субсидия төлеуді де көздейді. Көшіп келген жағдайда әр адамға 70 АЕК (214 410 теңге) көлемінде көтерме ақы қарастырылған. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін әрбір шаңыраққа отбасының құрамына және қоныстандыру орнына байланысты 15 – тен 30 АЕК-ке дейінгі (45945 теңгеден-91890 теңгеге дейін) мөлшерде субсидиялар қарастырылған.

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында былтырғы жылы Шымкент қаласынан 830 мүшесі бар 233 отбасы қоныс аударды. Оның ішінде:

-38 отбасы, 110 адам Қостанай облысына:

-16 отбасы, 40 адам ШҚО;

-84 отбасы, 345 адам СҚО;

-95 отбасы, 335 адам Павлодар облысына қоныс аударды.

Қоныс аударған 830 адамның 377-і еңбекке қабілетті болса, тұрақты жұмыспен қамтылғандар 291 адам, 16 адам жеке кәсібін ашқан, ал қалған 523 адам үй шаруасындағылар, зейнеткерлер мен балалар. Қоныс аударғандардың Шымкент қаласы бойынша жалпы үлесі 11,4% құрап отыр.

Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылды. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылды.

БИЫЛ 500 АДАМҒА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАР ШЕШIМIН ТАППАЙ ЖҮРГЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *