АймақЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жасалды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары Мұрат Жолдықожаев және Айгерім Жұмағұлова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов және қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Мұндағы мақсат жатақханадағы студенттердің жағдайымен танысу болатын.

Мониторинг тобы алдымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жатақханасына бас сұқты. Ғимарат 1983 жылы қолданысқа берілген. Сыйымдылығы 390 орынға лайықталған, қазіргі таңда мұнда 200 студент тұрады. Толымдылығы – 70 пайыз. Академияның жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Ахметов мұны карантин талаптарын сақтаумен түсіндірді. 5 қабатты жатақхана барлық санитарлық талаптарға сай жабдықталған. Ұлдар мен қыздар секциясына бөлінген, акт залы, кітапхана, душы мен асханасы, медициналық бекеті мен вирус жұқтырған студенттерді оқшаулауға арнайы бөлме қарастырылған.

Екінші жатақхана – академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жатақханасы. Құрылысы 2020 жылы басталған.

– Студенттер үйінің ресми ашылу салтанатын биылғы Наурыз мерекесінде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Барлық заманауи талаптарға сай келеді, студенттерге жағдай жасалған. Болашақта жатақхана жанынан спорт кешенін салу жоспарда бар, – деді оқу орнының ректоры Рәбиға Қуатбекова.

Жаңа ғимарат 6 қабаттан тұрады. Мұнда жалпы 300 студентке орын бар. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы бөлмелер мен жайлар қарастырылған.

Нурлан Бектаев

Серік Қосаев

ЖЫЛАН ЖҰТҚАН КҮН

Алдыңғы

АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ АУЫЗ СУ, ГАЗ, ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ТОЛЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *