ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ЖАҢА ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Елдің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған стратегиялық нысандардың құрылысы – мемлекет үшін басым бағыттардың бірі.

Осыған орай Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5574 әскери бөлімінің салынып жатқан жаңа әскери қалашығына барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін мұнда еліміздің әр өңірінен келген Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздары қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік міндеттерін орындайтын болады.

Нысанды аралау барысында қала әкімі жауапты мердігер ұйымдар мен сала мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізіп, құрылыс қарқыны, инженерлік инфрақұрылым желілерінің тартылуы және атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы туралы баяндама тыңдады. Сондай-ақ аумақты абаттандыру, кіреберіс жолдарды салу және коммуналдық желілерді белгіленген мерзімде аяқтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жобаға сәйкес әскери қалашықтың жалпы аумағы 10 гектарды құрайды.
Жаңа әскери қалашықтың құрылысы өңірдің қорғаныс әлеуетін нығайтуға, әскери қызметшілер үшін заманауи әрі қолайлы қызмет жағдайын қалыптастыруға, сондай-ақ Түркістан қаласының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін беретін маңызды жобалардың бірі саналады.

САЙЛАУАЛДЫ КҮНТӘРТІБІ ӨҢІРЛЕРДІҢ СҰРАНЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСЫП ЖАТЫР

Алдыңғы

Аким города Туркестан ознакомился с ходом строительства военного городка Национальной гвардии

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *