ӘдебиетРуханият

Нәрікбай НАҚЫПБЕК: «Сезім көлге шомылдырып мұңымды»

АППАҚ АЙЫМ
Алпақ айым, мақтанайын,
Өлеңімді жүрекке сақта дәйім!
Жарық айым, сағынайын,
Махаббатқа айналған жаным, айым!
Сүйіп өтем, шын сүю күйік екен.
Сондықтаңда бәрінен биік екен!

УӘДЕ

Өлең деген-өсиет пен ізгілік.

Келешекке қарай бүгін жүзді үміт.

Анау жұлдыз, сағынышым ол менің,

Маған қарап тұрады ылғи үздігіп.

Өлең деген-өсиет пен тектілік.

Келешекке жол бастады текті үміт.

Анау жұлдыз сағынышым ол менің,

Маған қарап тұрады ылғи бек күліп.

Өлең деген-өсиет пен мәңгілік,

Келешекке қарай бүгін жанды үміт.

Анау жұлдыз, сағынышым ол менің,

Жұлдызымды шырқай берем ән қылып.

Басқа арнаға бұрылысмаспын мен енді,

Жыр теңізде жүзгіземіз кемемді,

Ақ көңілімен, ақ тілекпен әдемі,

Келешекке ап барамын өлеңді!…

 

МӨЛДІР ЖЫР

Мөлдірлік тұнығында,

Бас иіп шын ұғымға,

Туыңды құлатпа, ізгі ниетім.

Шуағы шашыраған,

Әнім боп асыл арман,

Іңкәрлік нұрымен бізді сүйетін.

Ақыл-ой санатымен,

Ізгілік қанатымен,

Бәріне жүремін бір бақыт тілеп.

Сезімнің жапырағын,

Тербетіп жатыр әнім,

Уақыт кешімен соғады жүрек!

Күн күліп, ай қараған,

Нұр жауып айналамнан.

Ақыл қылып арқамнан қаққаны шын.

Жүректе күйі қалған.

Аймалап, сүйіп алғам,

Айталап-дәстүрім мақтанышым.

Ырыс пен береке боп,

Күнде той мереке боп.

Қызық пен қуанышың тарқамасын.

Ғашықтық ғаламатын,

Аялап, келер күнің арқаласын.

М-FA
Сені әу баста сүймегенім рас-ты.
Балаң қазыр жеті жастан енді асты.
Әжесінің баласы боп қалған ол,
Әжесімен жейді бөліп бір асты,
Отырамыз, әңгіме-дүкен құрамыз,
«Папа» дейді, » бір жақсы өлең құраңыз».
Кішкентай ғой , иланады сөзіме.
Айтып берем ойдан кұрап бір аңыз.
Кеше түнде түс көріппін бір оғаш.
Жаным менің өтірікті қаламас.
Сол баяғы жиырма екі жас қалпында,
Төсегіңде жатырсың сен жалаңаш.

Сезім көлге шомылдырып мұңымды,
Түсте көрген айтып тұрмын шынымды.
Сүйіп едім сенің аппақ жүзіңнен,
Тоңып қалған тәнім қайта жылынды.

Сордан менің ашылмаған пешенем,                                      Үйге тағы ішіп келдім кеше мен
Мейлі, мейлі, маған келсін бар бәле,
Көгерсінші сенің енді көсегең.

Ертең ұлың ер жетеді ұлғайып,

Келер күннің бақытына қол жайып.

Сол жігіттің арманы асыл болсын деп,

Қолдан келсе тек жақсылық ойлайық,
Уақыт келсе кетем мен де келмеске.
Тәңір ием серт бермеген өлмеске.
«Қаракемер» барар менің мекенім,
Сағынсаң, жаным, қоярсың кеп гүл-десте!

ҚЫЗ СЫРЫ

Үзілуге шақ қалғанда үмітім, Сыйға тартып жүрегіңнің кілтін.

Жабырқаулы жанарымды аймалап,

Жыр оқыдың жігітім.

Жерде тұрған жарығым, Сағыныштың жанарында сары мұң.

Сенің аппақ өлеңіңді сүйемін,

Сенің жырың-адалдығы арының!

Әлі күнге жоғалтпаған сенімін,

Сенсің менің жерде тұрған серігім.

Сен сияқты өлеңімен аймалап,

Сен сияқты еркелетер мені кім?

Әнің әсем жанға шуақ сыйлаған,

Сүйем деген сөзіңе де иланам,

Сүйгеніне гүл сыйламас сезімнің,

Бірақ менде жоқтығына ұялам…

Ертеңіміз не болары белгісіз, Маған арнап жыр жазбаңыз енді сіз.

Сүйем сізді, сіз сүйгендей ағатай,

Жүрегімде мәңгісіз!..

 

Нәрікбай НАҚЫПБЕК.

Келес ауданы,

Түркістан облысы

ЖАС ЖАУҚАЗЫН

Алдыңғы

Президент қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсіміне қатысты  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *