АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫ 28 АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 28 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 адамда клиникалық белгілері жоқ. Науқастанған 6 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 22 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 22%-ды құрайды, 614 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 169 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 130 төсек орын бар, 11 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 293 адам вакцина алды (I компонент- 154, II компонент- 139). Егу науқаны басталғалы барлығы 597 495 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 583 607 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Pfizer вакцинасының I компонентін 47 455 адам, II компонентін 22 728 адам қабылдады. Сондай-ақ, 115 204 адам ревакцинацияланды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

ДЕПУТАТТАР ЖАҢАТАЛАП ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ  

Алдыңғы

ШАЛАТАЙ МЫРЗАХМЕТОВ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *