Шымкент қаласында жол жөндеу жұмыстарымен қатар аялдамалар орнату жұмыстары да атқарылып келеді. Қала бойынша жалпы 1886 аялдама орны бар болса, оның 1444-і павильонмен қамтылған. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 900 жаңа үлгідегі аялдама қала көшелеріне орнатылады. Өткен жылы 260 аялдама орнатылса, биыл 150 орын жаңа павильонмен қамтылады. Кейінгі жылдары 300 аялдамадан орнатылатын болады. Осылайша жаңа үлгідегі аялдамалар үлесі 83,2 пайызға жетеді.
Шалғай елді мекендердегі 326 орынға орталық көшеден босаған аялдаманы демонтаж жасап, қайта орнату жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments