АймақЖаңалықтарҚоғам

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев баспана мәселелері бойынша 50-ге жуық азаматты қабылдады. Қабылдауда көпбалалы және толық емес отбасы, мүгедек бала тәрбиелеуші және мүгедек санатындағы азаматтар сондай ақ мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері санатындағы азаматтар болды. Тұрғындарды толғандырған баспана кезегі мәселесі жан-жақты талқыланып, қажетті мәліметтер дерегі айтылды. Азаматтар өздерін алаңдатқан сауалдарына тиісті жауап алды. Басқарма басшысы қабылдауда болған әр азаматтың мәселесін жеке тыңдап, назарға алды.Сала мамандарына тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар басқарма басшысы баспанаға мұқтаж азаматтарға жеңілдетілген ипотекалық несиелер бойынша да қолдау көрсетіліп жатқандығын атап өтті. Тұрғын үй кезегіне тіркелген төлемге қабілетті барлық азаматтар “Нұрлы жер” бағдарламасының “Шаңырақ” бағытына қатыса алады. Ал. “Бақытты отбасы” бағытына тұрғын үй кезегінде тіркелген үш санат, көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылар қатыса алады. Сонымен қатар міндетті түрде төлем қабілеттілігі болу қажет. Бұл екі бағыт бойынша өтінімдерді қабылдау Отбасы банкінің интернет ресурстары арқылы жүргізіледі. Атаған бағдарламаларға ағымдағы жылы конкурс Отбасы банк арқылы жарияланады.

Бұдан бөлек “7-20-25” бағытына төлемге қабілетті иелігінде жылжымайтын мүлік тіркелмеген барлық азаматтар қатыса алады. Азаматтар бірінші нарықтан тұрғын үйді немесе пәтерді өз таңдайды. Бұл бағыт бойынша төлем қабілеттілігін растау үшін яғни пәтерді рәсімдеу үшін екінші деңгейдегі 8 банк жұмыс істейді. Атап айтқанда, Банкцентркредит, Еуразиялық банк, Халық банкі, Сбербанк, АТФ банк, Жусан банкі, РБК банкі, Форте банк.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАЛА ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ  

Алдыңғы

ҚАЛА ӘКІМІ НҰРШУАҚ ШАҒЫН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *