АймақЖаңалықтарҚоғам

ҚАЛА ӘКІМІ БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ  

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Бозарық» шағын ауданы мен «Бозарық» саяжайының тұрғындарымен кездесіп, халықтың базынасын тыңдады. Ондағы өзекті мәселелерді бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Орындалуы бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

Бұл елді мекен шағын аудан және саяжай болып бөлінеді. Бозарық шағын ауданында 7 840, саяжайда 8 480 тұрғын бар. Яғни бозарықтықтардың саны 16 мыңнан асады.

Мұндағы елдімекендер сапалы электр жарығымен толығымен қамтылған болса, ауыз сумен 97 пайыз, көгілдір отынмен 88 пайызы қамтылған. Қалған үйлерді толығымен қамту үшін биыл ЖСҚ-сы әзірленуде.

Тұрғындар қала басшысына көшелерге ирригациялық арық орнату, асфальт төсеу, жер телімдерін заңдастыру және интернет сапасын арттыру сынды мәселелерін жеткізді.

Қала басшысы интернет сапасын жақсарту бойынша цифрландыру басқармасына зерделеу жұмыстарын жүргізуді, аудан әкіміне «Ұста-Мұхаммед» көшесіне ирригациялық арықты осы жылы орнатуды, ал жерді заңдастырудың заң аясында шешілетінін айтты.

Сөз соңында шаһар басшысы қаланың көркейіп дамуына әрбір тұрғын үлесінің маңыздылығын айтып, тазалық пен тәртіптің өз ауласынан басталу керектігін ескертті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістандық ақсақал тарихи мұралар табыс етті 

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҮРКИЯ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЙЫН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *