АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетЭкономика

ТҮРІК ЕЛІМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР ДАМИ ТҮСПЕК

Шымкент қаласының әкімі «Түрік және қазақстандық іскерлер қауымдастығының» (ТУКИБ) Бас хатшысы Анзор Гусейновті қабылдады.

Әкім қабылдауында инвестиция, қаладағы түрік бизнесмендерінің кәсіпкерлігін қолдау және қорғау, жалпы екі жақты ынтымақтастықты нығайту аясында сөз болды.  Қабылдау барысында Мұрат Әйтенов мегаполистің даму бағыттарымен бөлісіп, Шымкентті елідегі ірі өнеркәсіптік және сауда орталығы ретінде танытып өтті.

Тығыз қарым-қатынастар инвестициялық қызығушылыққа ұласып, екі елдің іскерлер қауымдастығының құрылуы, бауырлас елдер арасында сауда-экономикалық өсімнің жоғарылауына үлкен септігін тигізді. Бүгінгі таңда түрік капиталының қатысуымен Шымкентте бірқатар жобалар — жеңіл өнеркәсіп саласында 7 және құрылыс индустриясында 1 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 28,3 млн. АҚШ доллар инвестиция тартылып, жаңа 500-ден аса жұмыс орны құрылды.

«Біздің басты мақсатымыз — қаламызды өмір сүруге қолайлы және бизнес жүргізу үшін жайлы мегаполиске айналдыру. Оған қол жеткізу үшін инвестициялық қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастықты жалғастыра береміз»,-деген шахар басшысы, Шымкентке инвестиция тартудың артықшылықтары ретінде қалада 4 өнеркәсіптік аймақтың, онда инвесторларға ұзақ мерзімді жалға берілетін тегін жер телімдері, дайын инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтер ұсынылатынын айтып өтті.

Өз сөзінде Анзор Гусейнов қала әкіміне екі ел ынтымақтастығына көрсеткен ыстық ықыласына алғысын білдіре отырып, қауымдастықтың Қазақстан мен Түркияның кәсіпкерлері арасында «көпір» бола отырып, инвестициялық климатты жақсарту, сауда, өнеркәсіп және экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, кәсіпкерлерге қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша кеңес беру, әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Анықтама: Шымкент қаласы мен Түркия Республикасы арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың 11 айында 100,1 млн. АҚШ долларын құрады. Түрік және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының негізі 2016 жылы қаланған. Alarko Holding, Anadolu Group (Efes Kazakhstan, Coca Cola, Ramstore Kazakhstan), Aksa Kazakhstan, АТМА – Атырау халықаралық әуежайы және тасымалдары, Казстройподряд, КЗИ Банк, Kazakhstan Ijara Company, KB Global Renewable Investments, Makyol, Sembol — Rixos Group, Sembol — Rixos Group, Йылдырым холдингі секілді ірі қазақстандық және түрік компанияларын біріктіріп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЭПИДЕМИЯҒА ҮШ СЦЕНАРИЙ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРУДЕ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ 84 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ РЕВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *